Ваш браузер устарел. Рекомендуем обновить его до последней версии.

МЕДИКО-ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ

Бүгін 2019 жылдың 06 желтоқсанында ҚР-ның Тәуелсіздігі күніне орай РМО 10 тобы Тұңғыш Президент кітапханасына экскурсия жасады, экскурсия барысында Елбасының көптеген шығармаларымен және әр мемлекеттің сыйға тартқан дәстүрлі заттарымен танысты, тоғыз қабатты ғимараттың сегізінші қабатында қазіргі уақытта Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі жеке кабинетінде жұмыс үстінде екені де айтылды. Студенттер атаулы кітапханадан көтеріңкі көңіл күймен оралды.

04.12.2019 жылы Дін проблемаларын зерттеу орталығының маманы, теолог Серік Осман колледж студенттеріне "Қазақстандағы діни экстримизм" тақырыбында дәріс өткізді.

29.11.2019 жылы жоғары көлік және коммуниңация колледжінің 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған “Елін сүйген, елі сүйген Елбасы” атты VII дәстүрлі жас ақындар мүшайрасы өтті. Атаулы іс-шараға “Медициналық-техникалық колледж” студенттері: Кудайбергенова Акниет, Досмағамет Нұрдәулет және Ермекұлы Ерасыл бақ сынады. Студенттеріміз әр түрлі тақырыпта лауреат атанып, сертификаттармен марапатталса, Ермекұлы Ерасыл ІІ орын иегері атанды.Ерасылды және оның жетекшілік еткен ұстазы Жанат Серикказиновнаны жеңісімен құттықтаймыз. Алар асуларыңыз көп болсын!!!

Бүгін 29.11.2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған көшбасшылық сабақтары өтті, осы шараға Jas Otan Жастар қанаты елордалық филиалының төрағасының орынбасары Жетписбаева Ж.Ж қатысты.

22.11.2019ж колледж студенттері «From kz» жастар форумында... «Жастар және әлеуметтік кәсіпкерлік» секциясы

Бүгін 20 қараша 2019ж колледж студенттері Халықаралық ЖИТСпенкүрес күніне орай №3 қалалық студенттер емханасының ұйымдастыруымен өткенакцияға қатысты. Бұл акцияға арнайы дайындалған көрініс пен ән шашу, қабырғагазеті әзірленді.

20.11.2019г студенты группы СД11 , РМО11приняли участие на семинаре по теме «Профилактика сахарного диабета и овреде табакокурения, пропаганде здорового образа жизни для населения» в рамкахГосударственной программы развития здравоохранения «Денсаулық» на 2016—2019годы организованный сотрудниками Центра формирования ЗОЖ.

04-05.11.2019 жылыТәуелсіздік сарайында Астана жастарымекемесінің ұйымдастыруымен Жастар жылына арналған «Болашаққа билет» жобасыұйымдастырылды. Жобаның мақсаты жастар арасындағы жұмыс тапшылығымен күресужәне мектеп түлектеріне кәсіптік бағдарберу болып саналады. Бұл жобаға біздің колледжіміздің «Бағдар КЗ» жобасыныңволонтерлері қатысып, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді

01.11.2019 жылы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы«Руханият» КММ-нің ұйымдастыруымен «Елтаным» рухани-танымдық көшпелі дәрістержобасының кезекті кездесу-дәрісі «Ұлы дала есімдері: ұлт көсемдері мен рухани батырлар»тақырыбында студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында БарлыбекСыртанұлының өмірі мен қызметі жайлыталқылау жүргізілді.

30.10.2019 жылы Жастар сарайында Астана Жастары орталығының ұйымдастыруымен Жайдармен маусымашары өтті. Бұл маусымашарғаколледжімізден «Неғылайық» және «Өзіміз ғой» командалары қатысып, өз өнерлерінтамашалады, Жайдарман одағының алғысхаттарымен марапатталды.

29.10.2019 жылы «Құқық» қоғамдықұйымының мамандары колледж студенттерімен кездесті. Кездесу барысында қозғалғанбасты мәселе жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелеріталқыланды. Студенттер жасөспірімдергеқатысты саяси сауаттылықтарын көтеруге мүмкіндік алды.

04.10.2019 жылы біздің колледжоқытушыларына ерекше күн болды, өйткені оқытушыларымыздың төл мерекесі –Ұстаздар күні аталып өтті. Колледждің Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелеріұстаздарымызды құттықтап, мерекелік әс-шара ұйымдасдырды. Сонымен қатарКәсіподақ ұйым оқытушыларды алғыс хаттармен марапаттады. Сол күннің тағы біререкшелігі ол студенттердің өзін-өзі басқару күнін ұйымдастырды. Колледжбасшысынан қатардағы жұмысшыға дейін өздерінің арасында міндеттерді тағайындап,жауапкершілікпен атқарып өтті.

07.09.2019 жылы оқу жылыныңалғашқы демалысында колледж студенттері Астана Жастары ұйымдастырған қалалық Денсаулық фестиваліне қатысты. Іс-шарадақашықтыққа жүгіру, флэшмоб және т.б спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.

06.09.2019 жылы Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен өскелең ұрпақтың бойындаадалдық, әділдік, парасаттылық қағидаларын қалыптастыру мақсатында колледжқабырғасында тұңғыш рет жалпы республикалық «парасаттылық сағаты» өтті.

03.09.2019 жылы ҚазақстанРеспубликасының президенті Қ.К.Тоқаевтың Халыққа жолдауын тыңдап, колледжстуденттері арасында талқылау жасалды.

1 қыркүйекБілім күні Медициналық техникалық колледжі білім мекемесінде салтанаттысаптүзеумен басталып, колледж басшысы Жаубасова А.Ж жаңа талапкерлерге сәттіліктіледі, «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді